ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Мұхамедов және Ақмарал Әлназарова Жалағаш ауданындағы Бұқарбай батыр ауылының тұрғындарымен кездесіп, жалпыхалықтық референдум туралы оның ішінде Конституцияға енгізілетін өзгерістер және күтілетін нәтижелері туралы кеңінен түсіндіріп, ауыл тұрғындарының пікірлерін тыңдады.
Жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы аясында болған кездесуге партияның аймақтық филиалы жанындағы қоғамдық штаб төрағасы Ләйлә Төрешова партияның аумақтық филиалы жанындағы штаб төрағасы Қаншагүл Мұстафаева, штаб мүшелері Қабылбек Нұрмағанбетов, Шағыртаев Имамзада, Ахметжамиев Асхат қатысты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!