Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Серіктестік жұмысшылары өзгерістер күтеді

17.05.2022

858 0

«AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев «Қызылорда автобус паркі» ЖШС ұмымымен кездесіп, 5 маусым күні өтетін саяси шараның маңыздылығы, ары қарай өмірімізге әсері туралы кеңінен сөз етті. Іс-шараға қалалық штаб мүшесі Есенжол Назаров қатысты.
Кездесу барысында ұжым директоры серіктестіктің тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті.
Бұдан соң республикалық штаб мүшесі Ғалым Әміреев сөз алып, конституциялық өзгерістер, республикалық реформа туралы кеңінен мағлұмат берді.
«Алдағы конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас теңгерімін оңтайландырады, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтеді, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтеді. Бұл мемлекеттік модельдің жүйелі трансформациясы. Сондықтан референдум ескі модельден түпкілікті кету және саяси жүйені қайта бастау үшін қажет», – деді Ғалым Әміреев.
Референдум туралы мағлұматтарға қанық жұмысшылар 5 маусымда міндетті түрде дауыс беретіндерін айтты. Өйткені, мұндағы әрбір жұмысшы еліміздің алдағы болашағынан жаңа өзгерістер күтетіндерін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: