Еліміздегі айтулы күн Ел Президентін сайлау күнінің қорытындысымен (Астана уақытымен 00:00-00:00) Сыр елінде 43 сәби дүниеге келді. Нәрестелердің 27-сі ұл, 16-сы қыз бала.
Айта кетейік, сайлау күнінің қорытындысында 43 сәбидің бірінің есімі - Сайлаубай қойылды. Сайлаубай - Қазалы ауданының тұрғыны.
Өздеріңізге белгілі бүгін ерекше есімдер қатары көп болды. Оған дәлел - Жалағаш ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт есімінің қойылғаны.
Айтулы күні өңіріміз туу көрсеткіші мен есім беруден өзге өңірлерден ерекшеленді.
Жағымды жаңалықтарымыз көп болғай.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!