Дүйсенбі, 25 қараша, 01:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Тайвань текетіреске дайын»

13.08.2022

821 0

АҚШ палатасаның спикері ресми іс-сапармен Тайваньға барған тұста Қытайдың аралға көр­сеткен қоқан-лоқысы күшейді. Қытай әскерилері бірден әскери дайындығын бастап, Тайваньға қоқан-лоқы көрсетті. Осы тұста Тайваньнің сыртқы істер министрі барлық текетіреске дайын екенін айтты. Бұл туралы CNN арнасында Уилл Рипли, Эрик Чунг пен Симона Маккартидің «Біз қорықпаймыз»: Тайваньнің сыртқы істер министрі Қытайдың кез келген қатеріне шыдай алатынын айтты» тақырыбында мақала жарық көрді.

Тайваньның сыртқы істер министрі Джозеф Ву дүйсенбіде CNN арнасына берген сұхбатында Қытайдың Тайваньға төніп тұрған қаупі бұрынғыдан да артқанын, бірақ арал өзінің бостандығы мен демократиясын сақтап қалу үшін барлығына дайын екенін айтты.

Джозеф Ву мұны Қытай кейін өзін-өзі басқаратын аралдың айналасында әскери жаттығуларды жалғас­тыратынын мәлімдегенде айтты.

«Қытай Тайваньға бірнеше жыл бойы қауіп төн­діруде және соңғы уақытта бұл қарсылық одан сайын артты. Пелоси Тайваньға келсе де, келмесе де Қытай қарсылығы жалғасар еді», − деді сыртқы істер министрі. Оның сөзінше, Тайвань Қытайдың басқыншылық саясатына жол бермеу үшін әдейі шетелдік дипломаттарды қабылдайды. «Тайвань Қытайға қай жағынан қараса да бағынбайды. Біз бұған қарсымыз және бізді қолдайтындарды құшақ жая қарсы аламыз», − деді ол.

Жалпы спикер Пелосидің Тайваньға сапарына Қытай қабақ шытып, үлкен қауіп төндірді. Тайваньді өзінің басқаруындағы арал деп білетін Қытай бұл сапардан кейін экономикалық санкцияны да, қарулы қауіпті де көбейтті. Әскери дайындық кезінде авиа және зымыран соққыларын пысықтаған Қытай қарулы күштерінің бұл ісін тайваньдік билік «Бізге қарсы дайындық» деп түсінді. Негізінен жексенбіде аяқталуы тиіс әскери дайындық дүйсенбі күні де жалғасын тауып, қытайлық әскерилер зымырандарды сынақтан өткізді. Мұны барлығы қақтығысқа дайындық деп қабылдағанымен Тайвань халқы жайбарақат өмірінен бас тартқан жоқ, елде халық емін-еркін жүрді.

«Бізде Қытай соғыс бастайды деген қауіп пен күдік бар, әрине. Бірақ дәл қазір Қытай бізге тек қоқаң-лоқы көрсетіп отыр. Ал біз бұған қарсы тұрып, қорықпайтынымызды көрсетуіміз керек», − дейді Ву.

Сыртқы істер министрі Пелосидің сапары туралы да айтты. Көбіне бұл шенеуніктің ресми сапары қауіпке толы болғандықтан Тайвань соңғы сәтке дейін оның қашан келетінін білмеген. «Бізде оның сапары кезіндегі маршрут болса да, Пелосидің ұшағы қашан келіп қонатынын білмедік», − деді ол.

Спикер мен конгресс делегациясы ресми сапа­рында Тайвань заң шығарушы органына және Тайвань президенті Цай Ин-вэннің кеңсесіне барды. Мұнда Пелоси Америка Тайваньмен бірге екенін ашық айтуға келгенін жеткізді.

Арна тілшілері СІМ-нен Америка бұл іс-сапардан кейін қолдауды күшейте ме деп сұрағанда министр «Америка бізді қашанда қолдап келеді. Ал қазіргі қолдауы ең жоғарғы деңгейдегілердің бірі» деп жауап берді.

Өткен жылдың қазан айында CNN-ге берген эксклюзивті сұхбатында Тайвань президенті Цай Инвэн Тайваньда бірнеше АҚШ әскери нұсқаушысы бар екенін растады. Бұл Вашингтон мен Тайбэй 1979 жылы дипломатиялық байланысты үзгеннен бергі Тайвань басшысының алғаш рет Амеотка қолдауын мойындауы еді.

Бірақ американдық қолдау туралы түсінік Бейжің­нің наразылығын одан сайын арттырды. Қытай сыртқы істер министрлігі Пелоси келгеннен кейін оның сапары «Қытай-АҚШ қарым-қатынасының саяси негізіне елеулі әсер етеді және бүкіл әлемдегі тұрақтылыққа, бейбітшілікке нұқсан келтіреді» деген мәлімдеме жасады. Пекин Пелоси келгеннен кейін көп ұзамай Тайвань аралының айналасындағы алты аймақта ауқымды әскери жаттығулар басталғанын жариялады.

Тайвань мен Қытай 70 жылдан астам уақыт бұрын жеңілген ұлтшылдар Тайбэйге қашқан азаматтық соғыс аяқталғаннан бері бөлек басқарылып келеді. Тайвань 1990 жылдары авторитарлық басқарудан демократияға көшті және қазіргі уақытта АҚШ-та орналасқан «Freedom House» коммерциялық емес ұйымының рейтингінде Азиядағы ең еркін юрис­дикциялардың бірі болып табылады.

Ал Қытай басшысы Си Цзиньпин соңғы уақытта билігін күшейтіп, қажет жағдайда «күшпен» Тайваньді қол астына алуға дайын екенін ашық білдіріп келеді.

Тайвань Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қытайдың ондаған әскери ұшағы бейсенбі мен жексенбіде «орта сызықты» кесіп өткен. Бейресми медиандық сызық Тайвань бұғазында ондаған жыл­дар бойы тыныштықты сақтағанымен, Қытай қазір бұл «шекаралық аймақты» жоққа шығарды. Ву Қытай басшыларының Тайваньды басып алу үшін күш қолдану туралы «шешім қабылдағаны» туралы ештеңе білмейтінін, бірақ Тайвань бірнеше түрлі сценарийді қарастырғанын айтты. «Біз үшін маңыздысы − дайын болуымыз. Біз бұл жердегі бостандық пен демократияны қорғағымыз келеді. Оны бізден ешкім тартып ала алмайды», − деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: