Сәрсенбі, 13 қараша, 05:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

«TALQYLAU» диалог алаңында референдум маңыздылығы талқыланды

26.05.2022

740 0

 Республикалық референдумға шығарылған Коституцияға енгізілетін толықтырулар мен түзетулерді талқылау бойынша «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңының отырысы өтті.

Алаң жұмысы спикерлердің жеке сөз сөйлеуі, барлық қатысушылардың қатысуымен жалпы пікірталас, спикерлердің сөзін түйіндейтін сұрақ-жауаптар форматында өткізілді.
Шараны партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, партия филиалы жанындағы қоғамдық штаб төрағасы Ләйлә Төрешова жүргізіп, күн тәртібіндегі маңызды мәселеге шолу жасады.

Халықтың маңызды мәселелерін шешуді іздеуде мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың және азаматтық қоғамның өкілдері арасында сындарлы диалог құру, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға, бастамаларға қоғамдық сараптама жүргізу, республикалық және жергілікті деңгейлерде қабылданатын шешімдерді жария түрде ортаға салу үшін жағдайлар жасауды мақсат еткен жиында алдағы өтетін саяси науқанның салмағы сараланды.

Референдум – қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отыр. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі болатындығын, соңғы Жолдауда Президент тың саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін танытты. Өзгеріс аз емес, соның бірі – Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға ауысады. Яғни Президенттің бірқатар өкілетіктері Парламентке өтетіндігі, осынша өзгеріс елде демкоратиялық процестерді жетілдіріп, биліктің көзі – халық деген принципті жүзеге асырады. Яғни, қоғам өз өкілдері арқылы маңызды шешімдерге араласады. Осыншалық ауқымды реформаларды заңмен бекіту үшін бізге референдум қажет. Себебі бұл тек Президент не Парламент шешетін мәселе емес, бұл – бүкілхалықтық деңгейдегі міндет екендігін атап өтті өз сөзінде партия филиалының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова.

Мұнан бөлек диалог алаңына қатысқан ҮЕҰ өкілдері, журналистер, ғалымдар, облыстық, қалалық штабтың мүшелері және партия белсенділері де қатысып, өз пікірлерін партия алаңында ортаға салды.

Сондай-ақ, диалог алаңында спикерлер Мақсұт Нәлібаев, Сәрсенкүл Биқожа, Мұрат Насимов пен Сәулет Сахиев референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа моделіне көшу жүзеге асырылатындығы туралы кеңінен пікірлерін білдіріп, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін түзетулер үшін дауыс беруге шақырды.

Алаң жұмысына қатысушылар өз ойларын ортаға салып, жаңа өзгерістерге өз дауыстарын беруге ынталы екендіктерін білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: