Сенбі, 23 қараша, 05:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Тауар биржаларына жоғары талаптар енгізіледі – Мәжіліс

18.09.2024

312 0

фото: Қаз Ақпарат

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды,- деп хабарлайды KAZINFORM.

Бұл құжат Парламент депутаттарының бастамасы бойынша әзірленді.

«Егер тауар биржалары ашық және ережелер бойынша жұмыс істесе, экономикада маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы Жолдауында биржалық тауарларға ашық баға белгілеуді қалыптастыруды тапсырды. Бұл заң жобасы осы тапсырманы орындау үшін әзірленді және бірқатар нақты мәселені шешеді», – деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Заң жобасында стандартты аукционды және стандартталмаған тауарларды биржалық саудадан шығару, стандартталмаған тауарлар саудасын электрондық сауда алаңдарына ауыстыру, тауар биржалары жұмысының қаржылық тұрақтылығы мен ашықтығына қойылатын талаптарды арттыру ұсынылды.

Сонымен қатар, құжат аясында тауар биржаларына қатысты мемлекеттік бақылауды кеңейту, биржалық сауда-саттықта өз ісін адал атқармайтындардың тізілімін енгізу, брокерлер мен клирингтік орталықтарды лицензиялау және оларды қаржы мониторингі субъектілері санатына қосу ескерілген.

Мұнымен қоса заң жобасында әлеуметтік тауарлар бойынша сауда жасайтын тауар биржаларына жоғары талаптарды енгізу қарастырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: