Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 20:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға қатысты екінші рет жиын өткізді

16.08.2021

868 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда қалыптасқан жағдайға байланысты кешелі бері екінші рет жиын өткізді. Жиынға премьер-министр Асқар Мамин, ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктері, бас прокуратура, мемлекеттік күзет қызметі басшылары мен қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қатысты», – деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Жиын барысында Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайға байланысты шұғыл әрекет ету шаралары және біздің елдің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Осы орайда Қазақстанның ұлттық мүддесі ескеріледі.

«Президент құзырлы мекемелерге Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл осы елмен бұдан былайғы ынтымақтастық бойынша шешім қабылдау үшін аса маңызды», – деп жазды Уәли.

Еске салсақ, бұған дейін талибандардың Ауғанстан астанасы Кабулды басып алғаны айтылған еді. Ел президенті Ашраф Гани биліктен бас тартып, мемлекеттен кетуіне мәжбүр болды. Сондай-ақ “Талибан” қозғалысының ресми өкілі Мұхаммед Наим Ауғанстандағы соғыстың аяқталғанын жария етті. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: