Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев: Басты мақсат – халықтың тұрмысын жақсарту

15.01.2021

5971 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған парламенттің алғашқы сессиясында мемлекеттің басты міндетін белгіледі.

«Бір сәтке де босаңсуға болмайды. Жыл басында сайлау өткізу арқылы қиындықтармен күресіп қана қоймай, жаңғыруға жол ашып, жаңа серпінге ие болдық. Осы қарқынды сақтап, бағдарымыздан жаңылмау өте маңызды. Сондықтан Тәуелсіздіктің 30-жылдығында кешенді реформалар жүргізіледі. Барлық күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыруымыз қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент басты басымдықты да атады. Ол – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру.

«Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді. Халық әлеуметтік және экономикалық бағарламалардың жемісті болғанын қалайды. Біз осы мақсаттағы ауқымды жұмысқа барлық белсенді азаматтарды тартамыз. Олардың әрқайсысы ел тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдауға өздері тікелей қатысатынын білгені жөн. Ортақ іске үлес қосып жатқанын сезінуі маңызды. Біз ұлттың жасампаздық әлеуетін пайдаланған жағдайда ғана алға басып, табысқа жете аламыз», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: