Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 18:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев қорғаныс министрінің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады

31.08.2021

863 0

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті. 

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады”, – деп жазды Уәли.

Еске салсақ, бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін отставкаға кететінін айтқан еді. 

Айта кетсек, әскери қоймадағы қайғылы жағдай 15 адамның өмірін қиды. 100-ге жуық азамат жарылыстың салдарынан жарақат алды. 

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: