Бүгін «Nur Otan» партиясының қалалық филиалында мәслихат депутаттығына үміткерлер медицина саласының мамандарымен онлайн кездесу өткізді.
«Zoom» платформасы арқылы ұйымдастырылған кездесуде қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Г.Жұмашева, А.Мұхамбетова, Ә.Нақып мамандарға партияның сайлауалды бағдарламасын, алдағы жоспарларды таныстырды.
Негізгі 7 бағытқа басымдық берген бағдарламада қоғамның барлық саласы, әлеуметтік маңызды мәселелер толық қамтылған. Оның ішінде экономика, кәсіпкерлік, тұрғын үй, инфрақұрылым, денсаулық, білім, экология саласы бар. Сондай-ақ тұрғындар қауіпсіздігі мен жастар жайы да тыс қалмаған.
Онлайн форматта өткізілген кездесуде денсаулық сақтау саласының мамандары көкейдегі сауалын жолдап, нақты жауабын алды.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!