Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Үміткерлер спортшылармен кездесті

22.12.2020

1085 0

Бүгін «Nur Otan» партиясының қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлері Жанат Камитбекова, Дархан Көшербаев және Раушан Ысқақова  бірқатар Сыр спортшыларымен кездесті. Басқосуда партия өкілдері қатысушыларды сайлауалды бағдарламамен таныстырып, спорт саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Алғаш болып сөз бастаған үміткер, Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп лицей директоры Жанат Камитбекова аймақтағы спорт саласындағы ауқымды жетістіктерді айта келе, шахматтан әлем чемпионы Әсел Серікбайдың мектеп шәкірті түлегі мақтанышпен жеткізді. Сонымен қатар аталған саладағы партияның сайлауалды бағдарламасын тарқата түсіндіріп, қатысушылармен ашық пікір алысты.

– «Nur Otan» партиясы бұқаралық спортты дамытуға, жастардың салауатты өмір салтын сақтауына көңіл бөлуде. Партия алдағы  5 жылда халық денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортқа тарту бағытында жүйелі жоспар құрған. Ол үшін қаладағы спорт нысандарын жөндеу, іс-шаралар ұйымдастыру жолға қойылмақ. Мәселен, 3 стритбол алаңын салу, Қажымұқан атындағы спорт клубының ғимаратын жөндеу, жыл сайын кем дегенде 120 жаппай спорттық іс-шаралар және 4 республикалық турнир ұйымдастыру жоспарланған. Оған қоса, еңбек ұжымдарында спорт командаларын құру және спорттық іс-шараларды өткізу, еңбек ұжымдарында мен білім беру ұйымдарында дене шынықтыру жаттығуларын жасау тәжірибесін енгізу ісі де назарға алынады. Бұл бұқаралық спорт түрлерін дамытуға, дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындардың үлесін 31%-дан 35%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Жанат Убайдуллақызы.

Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан спортшыларға бөлінетін білім гранттарын көбейту, жас спортшыларға қолдау білдіру мәселесі көтеріліп, партия өкілдері сауалға толымды жауап берді. Әңгіме барысында үміткерлер Сыр спортының даму динамикасы көңіл көншітетінін айтып, әлі де жоғары жетістік көрсететініне сенім білдірді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: