Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ҰҚК Украинаға соғысуға кеткен қазақстандықтарды іздестіру жұмыстарын бастады

31.08.2022

622 0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Украинадағы соғыс қимылдарына қатысу үшін елден кеткен қазақстандықтарды іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл жөнінде ҰҚК мәлімдеді.

«Украинадағы соғыс қимылдары аясында халықаралық жағдайдың шиеленісуін ескере отырып, жекелеген қазақстандық азаматтардың қарулы қақтығысқа қатысу үшін шетелге кету мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды. ҰҚК органдары оларды табу, олар туралы қажетті ақпаратты алу жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деді қауіпсіздік комитеті.

Ведомство өкілдері егер азаматтар қарулы қақтығысқа қатысқаннан кейін Қазақстанға оралса, оларға қатысты тиісті жаза қолданылатынын атап өтті.

Атап айтқанда, Қазақстан азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе ұрыс қимылдарына қасақана заңсыз қатысқаны үшін мемлекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170 бабы «Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу» және 172 бабы «Жалдамалы» баптарына сәйкес бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: