Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Украинаны қалпына келтіру үшін 600-800 млрд АҚШ доллары қажет – Зеленский

31.08.2022

658 0

Украина президенті әскери қақтығыстан кейін елді қалпына келтіру үшін шамамен 600-800 млрд АҚШ доллары қажет екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.

Мұндай соманы Владимир Зеленский “француздық кәсіпорындар қозғалысына” қарата сөйлеген сөзінде айтты. Украина президенті бұл қаржының нақты емес екенін атап өткен, себебі соғыс әлі жалғасып жатыр. Оның сөзінше, қаржы бірінші кезекте тұрғын үй қорын, оқу орындарын, көлік инфрақұрылымын және порттарды қалпына келтіруге бағытталуы керек.

Бұған дейін Украина билігі елді қалпына келтіруге қажетті қаражат мөлшерін айтқан еді. Атап айтқанда, премьер-министр Денис Шмихал Украинаның одақтастарынан қаржылық қолдау көрсетуді сұрап, бұл ретте елге шамамен 500 миллиард доллар қажет екенін жеткізген. Ал көктемде Зеленский Украинаға шамамен 550 миллиард доллар керек екенін айтқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: