Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев сақтандырудан табысты тек компания иелері көріп отырғанын айтып, азаматтардың толық деңгейге қорғалмағанын атап өтті, деп жазады Alash.KZ.
“Біріншіден, адам жол апатынан көз жұмса, мұрагерлеріне сақтандыру төлемі берілмейді. Егер асырауында адамдар болса ғана, төлем беріледі. Бірақ банк заңнамасына сәйкес несие бойынша қарызы мұрагерлерінен алынады.
Тіпті жол апатынан бала көз жұмса да, сақтандыру заңнамасында ешқандай құқықтық негіз қаралмаған. Жануарларға төлем беріледі, ал адамдар үшін жоқ па? Бұл әділдік принципіне қарама-қайшы. Сақтандыру адамды қорғау керек, мәселе тудыру үшін емес”, – дейді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!