Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жастар арманы орындалмақ

05.01.2021

1310 0

Бүгін «Nur Otan» партиясының Қызылорда қаласындағы үгіт-насихат тобы шаһар жастарымен кездесу ұйымдастырды. Басқосуға қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Айгүл Мұсабаева, Гүлмира Рахметова, Бейбіткүл Каримова және Орынша Алимбетова қатысты. Кезекті жиында жастар тәрбиесі, білім беру ісіндегі жаңашылдық, жұмыссыздық ахуалы, жастардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы секілді өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар ұсыныс-пікірін білдірді.
Сонымен қатар үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерді саралады. Партия өкілдері бағдарламада қамтылған қала жастарын дамытуға арналған басым бағыттар мен жаңа жобаларды таразылап, атқарылған жұмыстарға шолу жасады.
– Жастарға қолдау білдіру – «Nur Otan» партиясының басым бағытының бірі. Осы мақсатта сайлауалды бағдарламадағы жоспардың басым бөлігі жастардың әлеуетін көтеруге бағытталды. Оған қоса «Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» жастар қанаты әлеуметтік лифтілерді құруға, тұрғын үй құрылысы, жұмыспен қамту, білім берудің мемлекеттік бағдарламалары бойынша және жас отбасылар үшін баспана мәселесін шешуге назар аударатын болады. Ол үшін «Nur Otan» партиясы политехникалық колледждің және С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің студенттеріне арналған 730 орындық 2 жатақхананың құрылысын жүргізуді, 2025 жылға қарай 10,5 мың жасты жұмысқа орналастыру арқылы жастардың жұмыссыздық деңгейін 4%-дан 3,9%-ға төмендету көздеуде. Сондай-ақ, «Жасыл Ел» еңбек жасағын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңге 365 жасты жұмыспен қамтуға және жастарға арналған атаулы іс-шараларды өткізуге күш салады. Бұдан тыс, жыл сайын жеке кәсібін ашу үшін 40-тан аса несие беру, кемінде 3 мың адамды қамти отырып, түрлі мәселелер бойынша ақпараттық кеңес ұйымдастыру да жоспарда бар, – деді Айгүл Мұсабаева.
Шара соңында қала жастары үміткерлерге түрлі салада сауал қойып, көкейдегі сұрақтарға жауап алды. Қатысушылар партия үміткерлеріне сәттілік тілеп, алдағы сайлауда белсенділік танытатынын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: