Жексенбі, 24 қараша, 01:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Жастар саясатына жаңа көзқарас

30.01.2022

751 0

Бүгінде жастар саласында қордаланған мәселе көп. Жастар саясаты саласына үлкен өзгерістер мен жаңа жұмыс механизмдері қажет. Осы ретте, түрлі сала өкілдерінен құралған кеңес жұмысын бастады.

Кеңес құрамында облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, мүмкіндігі шектеулі жандар өкілдері, әскери патриоттық тәрбие бағыты, жас отбасылар және әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік саласының, ауыл жастарының өкілдері, ЖОО-ның проректорлары, жастар ұйымдарының мүшелері, қоғам белсенділері, кәсіподақ пен партия өкілдері және т.б. түрлі бағыттар бойынша жастар саласына немқұрайлы қарамайтын 30 аса азаматтар бекітілді.

Кеңес мүшелерінің шешімімен облыстық жастар қоғамдық кеңесінің төрағасы болып облыс әкімінің жастар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, облыстық мәслихат депутаты Магжан Ералиев сайланды.

Жиын барысында көптеген өзекті мәселелер мен жастар проблемалары көтеріліп, жастар ресурстық орталықтарының жұмысына қатысты сын-пікірлер мен ұсыныстар айтылып, бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Ашықтық және проблеманы жасырмай, кемшіліктерді мойындап, олармен жұмыс жасау біздің негізгі позицияларымызды бірі. Осы ретте кеңес жұмысынан үлкен нәтиже күтеміз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: