Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жасы тоқсанға таяған қария дауыс берді

10.01.2021

5576 0

Бүгін еліміздің барлық аймақтарында саяси шара ­– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау өтуде. Сайлауда өз туған жерінің болашағына алаңдайтын барша қауым дауыс беріп, өз таңдауларын жасауда.

Сайлау учаскелеріне келген таңдаушылардың ішінде ерекше жандар да бар. Соның бірі Қызылорда қаласындағы №263 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаған 1932 жылғы Бәкір Ысқақов. Ақсақалға сайлау комиссиясы құрмет көрсетіп, шапан кигізді.

Еске сала кетейік, Конституциялық мерзімге байланысты өтіп жатқан Мәжіліс депутаттарын сайлауға бес партия қатысуда: «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы және Қазақстан халықтық партиясы. Сондай-ақ аталған партия әр мәслихатқа өздерінің кандидаттарын қатыстыруда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: