Дүйсенбі, 22 шiлде, 17:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Жеке сот орындаушылармен кездесті

19.12.2020

978 0

«Nur Otan» партиясының Қызылорда қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлері Гүлнар Жұмашева мен Нұржігіт Ниязбеков үгіт-насихат жұмысы барысында жеке сот орындаушылармен кездесті. Басқосуда партия өкілдері қатысушыларды сайлауалды бағдарламамен таныстырып, алдағы жоспар-міндеттің орындалу барысын талқылады.

Кездесуде «Ана мен Бала» перинаталдық орталығының директорының орынбасары Гүлнар Хамзақызы партияның медицина әлеуетін көтеруге қатысты бастамасын сөз етсе, «Каз Агро Рис» ЖШС-нің директоры Нұржігіт Хамитұлы жастар саясаты мен кәсіпкерлікке жасалған көмекті саралады.

– Мен жастардың атынан сайлауға қатысып жатырмын. Партия жастардың дамуына тың серпін сыйлады. Арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар қабылданып, жаңа мүмкіндік есігін ашты. Бүгінде партия ұйымдастырып жатқан түрлі акция мен шаралардың да ауқымы кең, – деді ол.

Сондай-ақ, кездесуде білім беру ісі, әлеуметтік демеу мәселелері көтеріліп, көп балалы аналарға қоғамдық көліктер тарапынан жол ақы бойынша жеңілдіктер қарастыру туралы ұсыныс айтылды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: