Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жолдау жобаларға жол ашты

22.09.2021

786 0

Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындап бергендей болды. Онда пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін айтты. Осы ретте, мемлекеттік сатып алу саласы да тәуелсіздігімізбен бірге жаңарып, дамып, жетілдіріліп келеді дейді облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Едігеев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

«Бүгінде толықтай автоматтандырылып, барлығы дерлік электронды сипатта жүргізілетін сатып алулардың ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілген. Облыста бұгінгі күнге 76 млрд. теңгенің 2808 конкурсы жарияланып, оның аяқталған 51 млрд. теңге болатын 1363-нің қорытындысымен 5 млрд. теңге үнемделді. Мұнымен бірге, Жолдауда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдегені айтыла келіп, оны жүзеге асыру барысында 3,5 мыңнан астам жоба іске қосылып, өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің жалпы құны 3,5 триллион теңге болғаны нақтыланды.

Яғни, 2022 жылға дейін ұзартылған аталған бағдарлама шеңберінде мемлекеттік сатып алу басқармасымен арнайы конкурстар ұйымдастырылып, құрылыс-монтаждау жұмыстарындағы жергілікті қамту үлесі бақылануда», – деді басқарма басшысы.

Бұл ретте, мердігер компаниялармен құрылыс жұмыстарын жүргізуде шетелдік емес, елімізде өндірілетін құрылыс материалдарының пайдаланылуы назарда. Ол кәсіпкерлер палатасынан отандық өнімге берілетін СТ КЗ сертификаттары арқылы расталып отыр.

Бұл отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған бірден-бір қолдау шарасы болып отыр.

Биылға осындай шаралармен жалпы құны 42 млрд. теңгені құрайтын 62 жоба, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 7 млрд. теңгенің 8 жобасы қамтылып отыр.

Жалпы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында берген барлық тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау үшін облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан тиісіті шаралар қабылданатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: