Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жолдауда тың мазмұнға ие жаңа бағыт бар

16.03.2022

861 0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбындағы Жолдауынан ел болып үміт күткеніміз рас. Ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы бар, шежіресі анықталған, шекарасы шегенделген ел ретіндегі жаңа қадам басуға соны серпін жасау үшін бірқатар нақты қадамдар айтылды.

Қазақ даласында ұлттық құндылықтардың сақталуын, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруды да тілге тиек етті. Еліміздің жаңа стратегиялық мақсатқа жетудегі 10 негізгі бастамасын ұсынды. Оның ішінде маңызды саяси құжатқа енгізілетін өзгерістер, елеулі сипатқа ие болатын жаңа заң жобаларын қабылдау әкімшілік-аумақтық құрылымдарға өзгеріс енгізілуінің өзі – ауқымды жұмысты қажет ететін бастама. Ұлы тұлғаларымыздың есімін ұлықтау мақсатында Абай облысын құру шешімі халықтың көңілінен шықты деп сеніммен айтуға негіз бар. Қасиетті де киелі өңір саналатын Жетісудың өз алдына облыс мәртебесін алуы, ұлан-ғайыр даламыздың дәл жүрегінде орналасқан, тарихы баянды өлке Ұлытау облысының құрылуы да жаңа сипат әкеледі деген үмітіміз жоқ емес.

Жолдаудың тақырыбының өзінен жаңа леп, жаңа көзқарас, жаңа қадам, жаңа кезең, тың мазмұнға ие жаңа бағыт, сенімді көзқарас, нақты мүмкіндіктердің бары аңғарылады. Біздің қоғамның келешек мүмкіндіктері мен мемлекеттің ұлық мұратын айқындауға бағытталған саяси салмағы басым құжат деп қарағанымыз ләзім. Ел президентінің бастамасымен қолға алынғалы отырған әр жұмысқа азаматтық үнімізді қосып, Жаңа Қазақстанды жаңғырта отырып жаңарту жолында бірлігімізді көрсету бабалар аманатын ұлықтау деп білемін.

Ел президентінің «Біз Тәуелсіздік жылдарында небір қиындықтан аман өттік. … Елімізді түбегейлі жаңғыртуға кірістік. Бұл кезең алмағайып уақытқа тұспа-тұс келіп отыр. Заман қаншалықты күрделі болса да, біз бағдарымыздан айнымаймыз. Өткеннен тағылым алып, келешекке сеніммен қадам басамыз. Осы жолда жұртымызға ең алдымен ауызбіршілік керек. Ақыл мен сабыр, парасат пен ұстамдылық қажет. Біз әр істі байыппен жасауға тиіспіз. …Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру» деген сөздерінен еліміздің жарқын болашағын, нық қадамдарын, қарышты дамуын көруге болады.

Сол ұлы мұратқа жетуде мемлекетімізге Жаратқан ие жар болсын!

Мақсат ДАУЫЛБАЙ,

«Рухани жаңғыру» орталығы КММ директоры,

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: