Сейсенбі, 04 қараша, 17:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

2026 жылы спорттың цифрлық платформасы іске қосылмақ

04.11.2025

68 0

Фото: Артём Чурсинов - архив

Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов еліміздегі спорт саласын цифрландыру жұмыстары бойынша ақпарат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өткен жылы пилоттық режимде «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» жүйесінің 3 модулі іске қосылған болатын. Спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілердің паспорты, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың электрондық күнтізбесі, спорт ғимараттарының тізілімі, – деді ол.

Министр жүйе тестілеуден өтіп жатқанын айтты. Қазір онда 85 федерация мен 50 ұйым жұмыс істейді.

Екінші кезеңде қосымша модульдер әзірленуде: жарыс хаттамаларын электронды жүргізу, статистикалық деректерді қалыптастыру және есепке алу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және проактивті форматқа көшіру. Жүйені толық енгізу 2026 жылға жоспарланған, – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: