30 қыркүйек күні «Қайрат» клубына қарсы ойнайтын «Реал Мадрид» командасының футболшылары бүгін түнде Алмаға келуі мүмкін. Алматы халықаралық әуежайының кестесіне сәйкес, 28 қыркүйектен 29-ы қыркүйекке қараған түні 00:50-де Мадрид қаласынан ұшқан әуе кемесі Алматыға қонады.kursiv.media
Қос клуб арасындағы матч Алматының Орталық стадионында өтеді. 23 қыркүйек күні аталмыш ойынға билеттер сатылды. Билеттердің бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін жетті.Матчты стадионда тамашалау үшін Қазақстаннан ғана емес, алыс-жақын шетелден де жанкүйерлер келеді. Әсіресе Испаниядан 1000-нан астам жанкүйер арнайы ұшып келеді деп күтіліп отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!