Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев неге спорт мектептеріне ротация институтын енгізу керегін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сенаттың жалпы отырысында вице-министрге мемлекеттік дене шынықтыру басшыларына ротация институтын енгізуге байланысты сұрақ қойылды. Депутаттар Жарасбаевтан «ол қандай пайда береді және іске асыру тетігі қандай болмақ?» деп сұрады.
Жалпы ротация жаңадан енгізіліп отырған тәсіл. Бұрын болмаған. Біріншіден, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Туризм және спорт министрлігінің жанында комиссия құрылған болатын. Ол комиссия бүкіл аймақтарды аралап шығып, сол жердегі мәселелерді анықтады. Оның біреуі әрі бастысы, біз атап өткен (ескі – спорт) мекемелердің басшылары ешбір нәтиже көрсетпей, кейбір аймақтарда 20 жылдан астам уақыт басшы болып отыра берген. Әкімдер мен спорт басшылары ауысқан, бірақ мектеп директорлары ауыспаған. Кейбір аймақтарда директор ешқандай нәтиже көрсетпей 28 жыл бойы отырған. Салдарынан ол өңірде ешқандай ілгерілеу болмаған, – дейді Серік Маратұлы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!