Қаладағы «Евразия» мәдени спорт кешенінде Қызылорда қаласы әкімінің Кубогы үшін шағын футболдан жарыс басталды. Аталған кубок Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Қала әкімінің кубогы үшін бәсекеге мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұмылдырылған. Бұл ретте сайысқа 10 команда қатысып, бақ сынайды.
1) Қызылорда облысының әкімдігі;
2) Қызылорда қаласының әкімдігі;
3) Қызылорда облыстық соты;
4) Қызылорда облысының полиция департаменті №1;
5) Қызылорда облысының полиция департаменті №2;
6) Қызылорда желілік полиция басқармасы;
7) 55/47 әскери бөлімі;
8. ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің Қызылорда бойынша департаменті;
9) Жаңақорған ауданының әкімдігі
10) Мамандандырылған күзет қызметі.
Футбол ойынының өткізудегі тағы бір мақсат қызметкерлердің тәжірибесі мен шеберліктерін шыңдап, салауатты өмір салтына үндеу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сайыстардың өткізілуі қызметкерлердің бір сәт жұмыстан босап, ой сергітіп, бойын шыңдауына да жақсы әсер береді.
Екі күн қатарынан өткізілетін спорттық сайыста арнайы номинациялар, қала әкімдігінің алғыс хаты мен медальдары, сонымен бірге басты кубок сарапқа салынады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!