Хорватияда өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз Айдос Сұлтанғали 60 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, ширек ғасырдағы тарихи жеңістің шыңынан көрінді! Бұл жеңіс – тек спорттағы ғана емес, еліміздің атын халықаралық аренада одан әрі биіктеткен оқиға. Айдос Сұлтанғали өзінің қажырлы еңбегі, табандылығы мен жігерінің арқасында қазақ елінің намысын қорғап, Грек-рим күресінен әлемдік деңгейде лайықты танылуға үлес қосты.
Осы орайда, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Сыр халқының атынан Айдосқа шексіз алғыс білдіріп, құрмет ретінде пәтер мен автокөлік кілтін табыстады. Сонымен қатар спортшының жаттықтырушысына да пәтер берілді. Бұл сый-сияпат – спортшының жанқиярлық күресі мен жетістіктерінің нақты көрінісі әрі жастарға арналған үлкен мотивация.
Айдос Сұлтанғали – еліміздің спорт тарихында өзіндік орны бар, өз ісіне адал әрі патриот жас спортшы. Оның жеңісі – бүкіл Қазақстанға үлгі, болашақ ұрпаққа бағыт-бағдар береді. Алдағы уақытта да Айдосқа жаңа белестерді бағындыруды, Қазақстан туын жоғары көтеруді тілейміз!Сыр елі сенім артып, қолдау көрсеткен осындай талантты спортшыларымен мақтанады! Жеңісіңмен шын жүректен құттықтаймыз!
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!