Сенбі, 27 қыркүйек, 19:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73, 2185
27.09.2025
PDF мұрағаты

Әлемнің екі дүркін чемпионы Аида Әбікееваға автокөлік сыйға берілді

27.09.2025

27 0

Фото: instagram.com/yeldos_saidalin

Бір жылда екі рет әлем чемпионы атанған боксшы Аида Әбікееваға көлік берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде боксшы сыйға алған жаңа автокөлігімен түскен суретін бөлісті. Кадрларға қарағанда, оған кореялық KIA жол талғамайтын көлігі берілген. 

Бұдан бөлек, спортшының жеке бапкері Ислам Абдраимовқа 5 миллион теңгелік сертификат табысталды. Бұл – бұған дейінгі марапаттарына қосымша сыйлық.

Еске салайық, Аида Әбікеева– Қазақстан әйелдер құрамасының алдыңғы қатарлы спортшыларының бірі. 2025 жылдың наурызында Сербияның Ниш қаласында өткен IBA әлем чемпионатында 63 келі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ал Ливерпульде 65 келіге дейінгі салмақта қайтадан чемпион атанды.

Финалда ол өзбекстандық Навбахор Хамидовамен кездесіп, үш раундтың екеуінде қарсыласы алда тұрды. Қазақстандық боксшы жеңісті тек соңғы үш минуттық шешуші раундта жұлып алды.

Ливерпульдегі жеңісі үшін Аида Әбікееваға мемлекеттен 15 мың доллар (шамамен 8 миллион теңге) төленетіні белгілі. Ал World Boxing ұйымы әлем чемпионаттарындағы жүлде қорын жарияламады. 

Сонымен қатар, келесі әлем чемпионатына дейін ол ай сайын кемінде 130 АЕК (511 мың теңге) көлемінде жәрдемақы алады, ал оның бапкеріне кемінде 65 АЕК (255 мың теңге) төленеді.

Мемлекеттік төлемдерден бөлек, Қазақстан бокс федерациясы да чемпиондар мен жүлдегерлерге сыйақы тағайындаған: алтын үшін – 100 мың доллар, күміс үшін – 50 мың, қола үшін – 30 мың доллар.

Осылайша, қазіргі таңда Аида Әбікеева жалпы есепте115 мың доллар, ай сайынғы төлем және жаңа автокөлік иесі атанды.

Еске салсақ, осыған дейін грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға пәтер және көліксыйға берілген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: