Дүйсенбі, 20 қазан, 18:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Айдос Сұлтанғалиге «Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль» табысталды

20.10.2025

129 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанған университет түлегі Айдос Сұлтанғалиді қабылдады.

Айдос Сұлтанғали 2014–2018 жылдары Қорқыт ата университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алған. Ол студенттік жылдарында спорттағы жоғары нәтижесімен, табандылығымен және үлгілі мінезімен көзге түсе білді.
Кездесу барысында ректор Бейбіткүл Каримова чемпионды тарихи жеңісімен құттықтап, университеттің ең жоғарғы марапаты «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальді» табыстады.


«Сіз өз жеңісіңіз арқылы қазақ спортының абыройын асқақтатып, еліміздің атын әлемге таныттыңыз. Бұл – үлкен еңбектің, мақсатқа деген адалдықтың жемісі. Қорқыт ата университеті Сіздей түлектерімен әрдайым мақтанады», – деді университет басшысы.


Айта кетейік, жуырда Хорватияның Загреб қаласында өткен Әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта қарсыластарына мүмкіндік бермей, жеңімпаз атанды. Бұл – Қазақстан спортшылары үшін грек-рим күресінен 1999 жылдан кейінгі алғашқы алтын медаль.
Айдос Сұлтанғали бұған дейін 2018 және 2022 жылдары Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын. Ал биылғы жеңіс – оның табандылығы мен ерен еңбегінің жемісі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: