Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай финалға жолдама алу үшін өткен тартысты матчта Алан жекелей және жұптық сайыста жастар арасында әлем және Азия чемпионы Ли Хэченнен (Қытай) басым түсті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Кездесу 4:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.
Айта кетсек, Заңғар Нұрланұлы Кореядағы J200 турнирінің чемпионы атанғаны белгілі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!