Жексенбі, 28 қыркүйек, 23:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73, 2185
27.09.2025
PDF мұрағаты

Almaty Marathon-2025 марафонына әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам қатысты

28.09.2025

147 0

Бүгін Алматы кезекті рет жүйріктердің астанасына айналды. Қалада күздің ең ірі спорттық оқиғасы Almaty Marathon – 2025 мәреге жетті, деп жазады Egemen.kz.

Ауқымды жарыс биыл 14-ші рет өткізіліп, кәсіпқойлар мен әуесқойларды 10-нан 42,2 шақырымға дейінгі қашықтықта жарыс жолына түсті.

Жыл өткен сайын Almaty Marathon ауқымы кеңейіп келеді.

Мысалы, 2012 жылы алғашқы сайысқа бірнеше мың адам ғана қатысса, бүгінде әлемнің 60-тан астам елінен 16 мың қатысушы келді. Бұл марафон тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі.

Сонымен жаймашуақ Алматы таңсәріден мерекелік ахуал орнап, көңілді музыка, спортшылардың жарқын күлкісі мен жүздеген еріктінің қолдауы ерекше көңіл-күй сыйлайды.

«Мен Almaty Marathon-ға алғаш рет қатысып, өзімнің төзімділігімді тексеріп, өзімді сынап көргім келді. 10 шақырым қашықтықты таңдадым»,- дейді Әлімұрат Бегенов.

«Мен бірнеше апта бұрын ғана жүгіре бастадым. Мен де өзімді сынап, кедергілерді жеңуге бел будым. Бүгін көше бойымен 10 шақырым жүгіремін. Мен жүгіру клубындамын және менің жанымда көптеген әріптесім мен досым бар. Барлығына сәттілік тілеймін!»,- деді блогер Никита Цыганков.

«Мен үшін бұл екінші марафон. Былтыр бірінші рет қатысып көргенмін. Салауатты өмір салтын ұстанамын, дәрігер болып жұмыс істеймін, ал марафонға досыммен бірге келдім», – дейді Дина Кәрібаева.

Аlatau aqparat медиа холдингінің «Вечерний Алматы» газетінің журналисі Айгүл Колумбетова екінші рет 10 шақырым қашықтыққа шықты. Ол тағы да холдингтің спорттық жетістіктерінің қоржынына медаль алып, марафонға қатысу оның дәстүрі мен шабыт көзі болғанын атап өтті.

«Мен үшін марафонға қатысу бұл жай ғана спорт емес. Өткен жылы мен бірінші рет қатысып, өзімді сынап көрдім. Ал бүгін қатарынан екінші рет сайысқа шығып, медальмен қайта оралдым. Бұл әрі қарай жүгіруге шабыт береді »,- деді Айгүл Колумбетова.

Қазақстандықтармен қатар шетелдік жүгірушілер де жарысқа шықты. Олардың арасында филиппиндік Джона Флорида бар.

«Мыңдаған адаммен бірге жүгіру керемет сезім. Атмосфера шабыттандырады және көрермендердің қолдауы әр шақырымды ерекше етеді. Маған Алматы қатты ұнады. Мен мұнда тағы бір рет келуді жоспарлап отырмын. Мен осы марафонның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын».

Ұйымдастырушылар медициналық қолдауға ерекше назар аударды. Бағыт бойынша 13 медициналық пункт жұмыс істейді, 12 жедел жәрдем көлігі, 10 велодоктор және 90-ға жуық медициналық еріктілер кезекшілік етеді. Мұның бәрі қажет болуы мүмкін кез келген адамға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Жол бойындағы көрермендер жарысұа қиқу қосып, жүгірушілерге маршрутты жеңіл бағындыруға құлшындырады.

Almaty Marathon-2025 бұл жай ғана спорттық жарыс емес, салауатты және белсенді өмір салтына қалыптастыруда мыңдаған адамды біріктіретін ерекше оқиға екенін тағы да дәлелдеді. Сонымен қатар, марафон ондаған елден спортшылар мен әуесқойларды жинап, Алматының өңірдің марафон орталығы ретіндегі позициясын нығайтуда. Мегаполис Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру орталығы мәртебесін тағы да растады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: