Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Алматыда 20 жастағы спортшы өлі табылған

25.12.2024

113 0

Фото: ашық дереккөз

Алматыда 20 жастағы спортшы өлі табылды. Кейбір БАҚ мәліметінше, қаза тапқан жігіт – кикбоксер Әли Серік, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Алматының полиция департаменті бұл ақпаратты растады. 

Наурызбай аудандық полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған.

Қылмыстық қару тәркіленді. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, Әли Серік – танымал сингапурлық ONE Championship ұйымында өнер көрсеткен кәсіби кикбоксшы. Ол Titan Fight Club (Алматы) командасында болған. 2022 жылы, 17 жасында, Малайзияда өткен чемпионатта ересектер арасында муай-тайдан (А класы) әлемнің ең жас чемпионы атанды.

2023 жылы ол Бангкокта өткен ONE Friday Fights 16 турнирінде К-1 (кикбоксинг) ережелері бойынша кәсіби деңгейде дебют жасады.

Әлидің әлеуметтік желідегі парақшаларынан UFC жауынгері Хамзат Чимаевпен бірге Tiger Muay Thai залында (Таиланд) түскен суреті бар. Сондай-ақ, 2024 жылы қазақстандық спортшы Ресейде Абдулманап Нурмагомедов атындағы жекпе-жек мектебінде дайындықтан өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: