Бейсенбі, 29 мамыр, 20:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

«Алтын белбеу» үшін аламан тартыс басталды

28.05.2025

207 0

Сыр елінде ұлттық спорттың мәртебесін арттырып, жастардың рухын көтеруге бағытталған айтулы дода – қазақ күресінен XVI облыстық «Алтын белбеу» турнирі басталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл жарысқа облыстың барлық ауданы мен Қызылорда және Байқоңыр қалаларынан 250-ден аса балуан жиналды.

Кіші жасөспірімдерден бастап, ересектерге дейінгі төрт жас санаты қамтылған додада спортшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша бозкілемде өзара мықтыны анықтауда.

Ашылу салтанатында Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев қатысып, жарыстың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, спорт саласының ардагерлері Ким Юрий мен Жағыпар Маханбетов те жас балуандарға ізгі тілектерін білдіріп, ұлттық спорттың дамуына қосқан үлестеріне ризашылықтарын жеткізді.Турнир барысында әр салмақ дәрежесі бойынша іріктеу кезеңдері өтуде.

Финалдық белдесулерде жыл үздіктері анықталып, ең мықтыларға арнайы марапаттар табысталады.

Жарыс қорытындысы бойынша:

• «Сыр Барысы» атағы – абсолютті жеңімпазға,

• «Сыр Арланы» – екінші орын иегеріне,

• «Сыр Сұңқары» – үшінші орын алған балуанға беріледі.

Сонымен қатар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар мен қаржылай сыйақылар ұсынылады. Жарыстың әділ әрі жоғары деңгейде өтуіне алты кәсіби төреші төрелік етуде.

«Алтын белбеу» үшін аламан тартыс басталды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: