Қызылорда облысында ақтаулық егіз қыз тхэквондодан өткен турнирде жекпе-жектен бас тартып, жеңімпазды басқа жолмен анықтауды ұйғарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .
24 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға егіз Айя мен Сая Кенжеғалилер шыққан. Бірақ олар төбелескен жоқ. Жеңімпаз «тас, қайшы, қағаз» ойыны арқылы анықталды. Бұл «текетіресте» Айя жеңіске жеткен (ол алтын медаль алды). Ал Сая күміс медаль еншіледі.
2010-2011, 2012-2013 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасындағы тхэквондодан республикалық турнир Кеңес Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаевты еске алуға арналған. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 800-ден аса спортшы қатысты.
Видеоға сілтеме: https://www.instagram.com/p/CQLFAxPhNWF/?utm_source=ig_web_copy_link
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!