Тараз қаласында әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің 75 жылдығына арналған Назарбаев Зияткерлік мектептері ата-аналары арасында спартакиада өз мәресіне жетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ата-аналары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп, екінші жыл қатарынан чемпиондық атағын сақтап қалды.


Спартакиадаға еліміздің оңтүстік өңірлерінен Қызылорда, Түркістан, Шымкент және Тараз қалаларынан 5 команда қатысты. Қатысушылар футзал, волейбол, шахмат, үстел теннисі, садақ ату, ләңгі тебу және арқан тарту спорт түрлері бойынша бақ сынады.

Қызылорда командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жекелеген жарыс түрлері бойынша
шахмат, футзал, садақ ату және арқан тартудан бірінші орын, волейбол мен үстел теннисінен екінші орын, ләңгі тебуден төртінші орын иеленді.

Жалпыкомандалық есептегі жеңіс команданың мықты дайындығын айқындады. Және келесі жарысты өткізу эстафетасы Сыр өңіріне табысталды.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
