Жексенбі, 28 қыркүйек, 13:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73, 2185
27.09.2025
PDF мұрағаты

«Атлетико» дербиде «Реалды» ірі есеппен жеңді

28.09.2025

109 0

Фото: atleticodemadrid.com

27 қыркүйекте Испания Ла Лигасының 7-турында мадридтік «Атлетико» өз алаңында «Реалды» қабылдап, 5:2 есебімен жеңіске жетті. kursiv.media

Матчқа дейін «Реал» жеті кездесу қатарынан жеңіп, турнир кестесінде көш бастап тұрған. Оның ішінде Чемпиондар лигасында «Олимпик Марсельді» 2:1 есебімен ұтқан болатын. Ал «Атлетико» тоғызыншы орында еді және алғашқы турда «Ливерпульден» жеңіліп, қиын жағдайда жүрген.

Ойын басталғаннан-ақ Диего Симеоне шәкірттері белсенді қимылдады. 14-минутта Робин Ле Норман есеп ашты – 1:0. Алайда көп ұзамай Килиан Мбаппе мергендігімен танылып, таразы басын теңестірді. Кейін Арда Гюлер әдемі соққымен «Реалды» алға шығарды – 1:2. Бірақ алғашқы тайм соңында Александер Серлот есепті қайта теңестірді – 2:2.

Екінші кезеңде шешуші сәттер орын алды. 51-минутта Хулиан Альварес пенальтиден мүлт кетпей, алаң иелерін алға шығарды. Ал 63-минутта дәл өзі айып соққысынан көзге түсіп, дубль жасады – 4:2. Қорытынды нүктені Антуан Гризманн қойды – 5:2.

Бұл жеңіліс – «Реалдың» жаңа маусымдағы алғашқысы. Енді Хави Алонсо баптайтын команда 30 қыркүйекте Алматыда өтетін матчта «Қайратпен» кездеседі. Ойын Орталық стадионда өтеді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: