Жұма, 08 қараша, 03:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Аты аңызға айналған аяқдопшы

19.04.2022

1310 0

Әлемде Португалия футболшысы Криштиану Роналдуды білмейтін жан кемде-кем. Соңғы онжылдықта әлемнің ең үздік ойыншысы атағы үшін аргентиналық Лионель Мессимен жарысып келген бомбардир 2018 жылы италияның Ювентус клубына ауысқан болатын. Ювентус Роналдуды өз сапына қосу үшін трансферлік терезеде 100 миллион еуро жұмсады. Ал футболшы жылына 30 миллион еуро табыс табатынан мәлімдеді. Араға үш жыл салып өзінің жеңісті жолы басталған Манчестер Юнайтедке қайта оралды.

Тарқатып айтайық. Ронал­ду 2009 жылдың жазында ағылшындық Манчестер Юнайтедтен Реал Мадридке 94 миллион еуроға ауысып, трансферлік құны бойынша рекорд жаңартқан еді.  Шабуылшы корольдік клубта 9 жыл бойы өнер көрсетті. Осы аралықта ол Ла Лиганы (2), Испания кубогін (2), Испания супер кубогін (2), Чемпиондар лигасын (4), УЕФА супер кубогін (3) жеңіп алды. Сонымен қатар әлемнің ең үздік футболшысына бері­летін «Алтын допты» 4 рет, маусым бойы ең көп гол соқ­қан үздік сұрмергенге бері­летін «Алтын бутсаны» төрт рет қанжығасына байлады. Ол 438 ойында 451 гол соғып, корольдық клубтың та­рихындағы ең үздік бомбардир атанды. Ал ұлттық құрама сапында 2016 жылы Еуро бәсекесінде топ жарса, одан кейін Ұлттар лигасының жеңімпазы атан­ды. Осылайша ұлттық құра­ма сапындағы көрсеткіш бойынша Мессиді басып озды. Себебі Лионель Арген­тинамен Копа Америкада бір рет қана жеңіске жетпеген.

Тақырыпқа оралайық. Жалпы, бұл тарихи ауысым­ның бірнеше себебі бар еді. Айтпағымыз Ювентусқа транфсфері жайында. Бірінші себеп – ақша. Роналду спорт­тық нәтижелерге ғана емес, жалақысына да үлкен мән беретін ойыншы. Ол үнемі Барселонаның шабуылшы­сы Мессимен тең дәре­жеде бәсекеге түскісі келеді. Өйт­кені соңғы бес жылда Бар­селона Мессиге 2 рет жақ­сартылған келісім-шарт­ ұсын­ды. Оның үстіне Реал Мадрид президенті Фло­рен­тино Перес жасы отыз­дан асқан Роналдуға табыс көзі ретінде қарай бас­таған. Өйткені Перес порту­галдықтың үздік ойы­нына қарамастан енді танылып келе жатқан Неймар, Мбаппе, Азар секілді жас ойыншыларға көз тіккен болатын. Міне осыдан кейін ойыншы мен президент арасында дау туындады. Бұл жайында испан басылымдары оқтын-оқтын жариялап отыр­ды. Роналдуға жазғы ауысым кезінде франциялық Пари Сен-Жермен және қытайлық бірнеше клубтан жылдық та­бысы 45 млн еуро болатын ұсыныстар түскен. Алайда ойыншы мансабын Ювентусте жалғастыруды жөн санап, ақыры ауысып тынды.

Реал Мадрид­тің бұрын­ғы прези­денті Рамон Калдерон Криш­тианудың ауы­сы­мынан кейін: «Ко­манданың ойы­нын­да шешуші роль атқарып, әр мау­­сымда 50-ден астам гол соға­тын чемпионды ауыс­тыру оңай емес. Өт­кен тоғыз жылда Флорентино Перес Реал Мадридке өте жақ­сы шешімдер қабылдады. Алайда Раул мен Икер Касильястан кейін сабақ ал­ма­ғаны өкінішті», – деді.

Екінші себеп – спорт­тық мансабы. Роналду әр­қа­шан биік шыңдарды ба­ғын­дыруға тырысатын ойын­шы. Сондықтан оған осын­дай үлкен өзгерістер қажет еді. Оның үстіне клуб жаттықтырушысы Мис­си­лиано Аллегримен арасы өте жақсы болатын.

Ювентус соңғы жеті жыл­да ел біріншілігін ешкімге бермей келеді. Алайда клуб еуропаның кіл мықтысы бақ сынасатын Чемпиондар Лигасында топ жара алмай келе жатқанына көп болды. Тіпті соңғы екі жылда осы турнирдің финалына шығып тұрып, екеуінде де қарсыластарына есе жіберген болатын. Сол себепті туриндік клуб әлі де болса «Реал», «Барселона» және «Бавария» клубтарының деңгейіне жете алмай келеді. Ал Криштианудың келуі осы турнирде жеңім­паз атанып, та­рихтың жаңа бетін ашуға үлкен мүмкіндік беретінін бол­жаған клуб бас­шылығы ерте қам­данды. Олар оның жасына қараған жоқ. Өйткені ойын­шының жасы 33-те бол­ғанмен физиологиялық тұр­ғыда және алаңдағы кере­мет ойыны жағынан ал­дына қара түсірмеген еді. Ұтым­ды сәтті өз пайдасына жа­ратқан Ювентусқа жыл табысты болды. Әлемдегі ең үздік футболшының келуі клуб­тың танымалдылы­ғын одан әрі арт­тырып, әлемнің назарын өзіне бұрды. Со­ны­мен қа­тар клуб жан­күйерле­рінің саны мил­лиондап кө­бей­ді.

Осыдан соң Реал Мадрид басты қарсыласы саналатын Барселонадан 19 ұпай артта қалып, турнирлік кесте­де Атлетикодан кейін үшін­ші орынға тұрақтады. Ал Испания кубогі мен Чем­пиондар лигасында жеңіліс тауып, жарысты уақытынан бұрын аяқтауға мәжбүр болды. Жыл сайын тым құ­рығанда бір кубок алатын испандық клуб Роналдудың кетуімен бір-ақ сәтте жан­күйер­лердің сенімінен айы­ры­лып, төмен құлдырап кет­ті. Туриндік клуб болса Италия супер кубогі мен өз чемпионатында топ жарды.  Ал маусым қорытындысы бойынша Серия А-ның жыл футболшысы марапаты пор­тугалдық сұрмергенге бұйыр­ды. Айта кетейік, Ұлттар лигасының ақтық сынында Нидерланды мен Португалия құрамасы кездесіп, 1:0 есебі­мен Криштианудың ұжымы жеңіске жеткен болатын. Ал Роналду бұл турнирдің де ең үздік ойыншысы деп танылды. Міне, осынау тарихи ауысым қос клубтың да маусым бойғы ойынына үлкен әсер етті. Бірі құлдырады, бірі жаңа биікке көтерілді.

Роналду Ювентус сапын­да бірнеше жыл доп теуіп, Серия-А, Италия кубогі, Италия суперкубогіне қол жеткізді. Бірнеше маусым клубтың үздік сұрмергені атанды. Былтыр жазғы транс­фер кезінде португалдық ойыншы кезінде өзінің бағын ашқан англиялық «Манчестер Юнайтед» клубына ауысты. 2021-2022 маусымда 21 гол мен 3 нәтижелі пас берді. Маусым соңына дейін әлі гол соғары анық. Айтпақшы, аты аңызға айналған бұл ойыншы қазір әлемдегі ең көп гол соққан ойыншы. Роналдудың Португалия мен клубтық дең­гейде соққан жалпы голы 808-ге жетті. Мессиден сәл де болса, көші ілгері.

Ендігі мәселе – «Алтын доп». 2023 жылдың қысында «France Football» журналы әлемнің үздік ойыншысын анықтайды. Өткен жылы бұл атақты аргентиналық шабуылшы Леонель Месси иеленді. Ал алдағы маусым­да бұл мәртебеге үміткер есебінде Роналду мен Месси­дің қайта түсері күмәнсіз. Қазір екеуінде салған голда­ры­ның арасы алшақ емес. Дегенмен қысқа дейін бірша­ма уақыт бар. Осы аралықта кім қанша гол соғып, қанша нәтижелі пас берері белгісіз.

Ақтілек БІТІМБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: