Бейсенбі, 13 ақпан, 15:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11,2124
11.02.2025
PDF мұрағаты

Азия чемпионаты: Үш аруымыз алтын медаль иеленді

11.11.2022

984 0

Иорданияда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық үш боксшы алтын медаль иеленді.

Бүгін Азия чемпионатының қыздар арасында финалдық бәсекесі өтуде. Жарыстың ақтық мәресінде Алуа Балқыбекованың жапондық қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмады. Ал Жайна Шекербекова тайландтық қарсыласын тізе бүктірсе, Карина Ибрагимова жапондық боксшыдан басым түсті.

Осылайша 2022 жылғы Азия чемпионатында 45-48 келі салмақта Алуа Балқыбекова, 54 келі салмақта Жайна Шекербекова және 57 келіде Карина Ибрагимова алтын медаль иеленді.

Сонымен қатар 11-ші жұпта 81 келі салмақта қазақстандық боксшы Гүлсая Ержан Үндістан елінің спортшысымен қолғап түйістіреді. Ал 12 қарашада Қазақстанның бокстан ерлер құрамасында 9 спортшы финалдық бәсекеде сынға түседі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: