Жұма, 24 қазан, 18:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Бала барыстар арасындағы байрақты бәсеке басталды.

24.10.2025

45 0

Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуы және Қала күні мерекесі аясында бүгін «Бала барыс-2025» байрақты бәсекесі басталды.

2010-2011 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы «Бала барыс – 2025» қалалық ашық біріншілігінің ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов арнайы қатысып, боз кілемде сынға түсетін сайыпқыран жас палуандарға сәттілік тіледі.

Дәстүрлі дода биыл 4-ші мәрте өткізілуде. Турнирге облысымыздың аудандарынан және қаладан күштеріне әдістері сай, ақыл мен айлаға бай мықты 30 жасөспірім жиналып отыр.

Жас спортшылардың арасынан мықты палуан 2025 жылғы «Бала барыс» атағын иеленетін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: