28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай бүгін С.Бермағамбетовты еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасындағы шағын футболдан облыстық турнир өтті.
Спорттық сайыстың ашылуына облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов арнайы қатысып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз кезегінде Сағитжан Бермағамбетовтың анасы сөз сөйлеп, талантты журналистің есімін ұлықтауға атсалысқан азаматтарға өз алғысын білдірді.
Бүгінгі ала доп бәсекесіне барлығы 6 команда қатысып, өзара бәсекеге түсті.
Жарыс нәтижесінде 1- орынды меншікті тілшілер алса, 2-орын «Сыр медиа» серіктестігіне бұйырды.
3-орынды облыстық “QYZYLORDA” телеарнасының ұжымы алды.
Сонымен қатар Қайрат Рабаев – «Үздік қақпашы»,
Қуаныш Мұстафаев – «Үздік ойыншы»,
Дархан Тоқсейіт – «Үздік шабуылшы» атанды.
Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары 28 маусым күні БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылатын салтанатты іс-шарада марапатталатын болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!