Бейсенбі, 27 маусым, 23:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50-2060
25.06.2024
PDF мұрағаты

БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті

22.06.2024

347 0

Бүгін «Евразия» спорт кешенінде Қызылорда облысы әкімінің кубогі үшін шағын футболдан бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында республикалық турнир өтті.

Жарысқа еліміздің әр аймағынан командалар қатысты. Атап айтқанда, Талдықорған, Шымкент қалалары мен Түркістан, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан 8 команда бақ сынасты.

Тартысты ойын көрсеткен «Қарекет», «Ақпарат», «Ақмешіт» және «Қаламгер» командалары жартылай финалға шықты. Нәтижесінде «Қарекет» командасы Қызылорда облысы әкімінің кубогі үшін өткен республикалық турнирдің чемпионы атанды. Талдықорғандық команда облыс әкімінің арнайы кубогімен, медальмен және 1 000 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Екінші орын алған атыраулық «Ақпарат» командасына 700 мың, қола жүлдегер атанған қызылордалық «Ақмешіт» командасына 500 мың теңге, «Қаламгер» командасына 150 мың теңге ынталандыру сыйлығы табысталды.

Одан бөлек, «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» және «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша озық ойын көрсеткен қатысушыларға арнайы кубоктар және қаржылай жүлделер тапсырылды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық БАҚ өкілдерінің басын қосқан турнирге қатысушылар қонақжай Сыр жұртшылығына ризашылық білдірді.

Айта кетейік, шараның басты мақсаты – БАҚ қызметкерлері арасында әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: