Зілтемірші Алмас Өтешов осыған дейін спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосыновтан жұмыс сұраған еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазір ол өзінің туған жері Қызылордада жұмысқа тұрған. Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев зілтеміршіге қолғабыс еткен.
«Жұмысқа кіріскеніме 10 күндей ғана болды. Нәтижесі болар. Қызметке дайынбыз. Қазір облыста біріншілік болып жатыр. Қазір әдіскер болып жүрмін. Осы қызметтен бастаймын. Қызылорда халқына да алғыс. Сұхбатты көрген екен. Таксистер ақша алмайды. Үйімді қайтару жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Үйдегілер де қуанды», – деді Алмас Өтешов.
Бақтияр Артаев Алмас Өтешовке өзіне артылған қызметті жауапкершілікпен алып шығады деп үміт артты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!