Жексенбі, 22 желтоқсан, 19:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бокс: Алты медаль, сегізінші орын

28.03.2023

943 0

Үндістан астанасы Нью-Делиде әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтті. Аталған біріншілікте Қазақстанның былғары қолғап шеберлері де бақ сынады.

Әлем чемпионатына 12  аруымыз аттанды. Алайда бұл жарыста ең өкініштісі әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай сәтсіз өнер көрсетті. 50 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшымыз жарыстың алғашқы кезеңінде Вьетнам боксшысы Тхи Там Нгуеннен жеңілді.

Бұл сайыста сондай-ақ 52 келідегі Жазира Орақбаева, 54 келідегі Жайна Шекербекова, 60 келіде Римма Волосенко, 63 келіде Аида Әбікеева мен 70 келіде Мәдина Нұршаева жүлдесіз қалды.

Дегенмен спортшыларымыздың арасында жеңіс тұғырына көтерілген алты аруымыз бар. Қазақстандық қыздар чемпионатта 2 күміс, 4 қола жүлдеге ие болып, 8-сатыдан көрінді. 48 келідегі Алуа Балқыбекова, 66 келіде Надежда Рябец, 75 келіде Валентина Хальзова мен 81 келіде Фариза Шолтай қола жүлдеге ие болды.

Ал 57 келіде сынға түскен Карина Ибрагимова мен 81 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан Ләззат Күнгейбаева күміс медаль еншіледі. Осылайша барлығы алты медальмен Қазақстан жарысты 8-ші орынмен аяқтады.

Бұл әлем чемпионатында төрт алтынмен Үндістан көш бастаса, Қытай 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен екінші, Ресей 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдемен үшінші орынды еншіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: