Бейсенбі, 28 қараша, 16:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Бокс федерациясы Қамшыбек Қоңқабаевтың Странджа турнирінде рингке неге шықпағанын түсіндірді

24.02.2023

1038 0

Сурет: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстан бокс федерациясы Қамшыбек Қоңқабаевтың Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан «Странджа» турнирінде 1/8 финалда өзбекстандық Баходиром Жалоловпен кездесуге неге шықпағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, Қамшыбек Қоңқабаев қолындағы жарақатына байланысты рингке шықпады.

«Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы спортшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда маңызды жарыстар – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары күтіп тұрғандықтан, Қамшыбек қалпына келіп, ең алдымен денсаулығын ойлауы қажет», делінген арнайы мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан «Странджа» кубогінде Оразбек Асылқұловтың ¼ финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Бекзат Нұрдәулетов келесі кезеңге өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: