Сәрсенбі, 27 қараша, 06:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстандық төрт жасөспірім чемпион атанды

30.08.2021

1385 0

Дубайда өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде бүгін қзақстандық төрт спортшы алтын медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Айта кетейік, бүгін 2003-2004 жылдарда дүниеге келген жасөспірімдер мен қыздар сынға түсуде. Ұлдар 10 салмақта бақ сынаса, қыздар 7 салмақта шеберлік байқасуда. Әзірге рингке шыққан екі боксшымыз да жеңіске жетті.

48 келіде Санжар Ташкенбай үндістандық Вишнават Сурешті жеңсе, 54 келіде Нурсултан Алтынбек ирандық Алиасг Афшариаболкарлуды қапы қалдырды. Ал 57 келіде Әбдікәрім Әбдіғалым ирактық Мохаммед Анварды, 60 келіде Ерасыл Ермек қырғызстандық Омар Ливасаны жеңді.

Еске салсақ, 29 тамызда 2005-2006 жылдарда дүниеге келген жасөспірімдер арасында чемпиондар анықталды. Медальдар саны жөнінен ұлдар мен қызда да жалпы командалық есепте екінші орын алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: