Сенбі, 23 қараша, 04:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Бокстан ел құрамасындағы допинг дауынан кейін Азия чемпионатының қола жүлдегері спорттан уақытша шеттетілді

09.04.2023

1417 0

Бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері Саматәлі Төлтаев Қазақстан құрамасындағы допинг дауынан кейін спорттан шеттетілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас жаттықтырушының сөзінше, Төлтаев қазір жаттығуларға қатыспайды.

«Командаға қосылған соң дәрігерлер мен ғылыми кешен тобының мүшелерін жинап, жұмыс бастадық. Олар жігіттерге допинг туралы үнемі ескертеді. Тіпті көшеден су ішпесін деп айтамыз. Ал Саматәлі достары мен туыстарының кеңесі бойынша дәрумен ішеді деп ойлаған. Бүгін одан сынама алынады. Барлығын халықаралық комиссия шешеді. Қазір үйіне қайтардық, жаттығуларға қатыспайды. Боксшылар мамандар мен дәрігерлердің бақылауында», – деді ол. 

Егер спортшының допинг қабылдағаны расталса, 4 жылға спорттан шеттетілуі мүмкін. Ал әлем чемпионаты 1 мамырдан 14 мамырға дейін жалғасады.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: