Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Боз кілемдегі белдесу

10.04.2022

1436 0

Кеше қаламыздағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 17-23 жасқа дейінгі палуандар арасында Қазақстан республикасы чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шараны облыс әкі­мі­нің орынбасары Қайрат Нұртай ашып, барша қаты­сушыларға сәттілік тіледі. Ол Сыр төрінде осындай жоғары деңгейдегі жарыстың өтуіне атсалысқан бар­ша жандарға алғысын білдіріп, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізді.

«Сайдың тасындай» кіл мықтылар бас қосқан дүбірлі додада Азия құрлығының және ҚР Біріккен Күрес федерациясының президенті, КСРО-ның 7 дүркін чемпионы, Әлем чемпионы, Азияның 2 дүркін чем­пионы, Олимпиада ойындарының 2 дүркін жүлдегері, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Дәулет Тұрлыханов бастаған қадірлі қонақтар өз лебіздерін білдіріп, жеңім­паздар мен жүлдегерлерді ма­рапаттау рәсіміне қатысты. Сондай-ақ Дәулет Болатұлы облыс әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлына спортқа жанашырлық білдіріп, қол­дау көрсеткені үшін «Алғыс хат» табыстады.

Тартысты бәсекеге 17 және 23 жас­тан аспаған күрестің әр стилінде 10 салмақ дәрежесінде 17 өңірлік командадан 1290 спортшы қатысуда. Оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және 14 облыстан келген дүлдүлдер бар.

Республиканың әр түкпірінен жиналған спортшылар чемпионатты қыздыра түсті. Жарыстың алғашқы күні болғанымен, спортшылардың қарқыны өте мықты болды. Бірінші күннің нәтижесімен жеңімпаз, жүл­дегер атанған палуандар марапат төрінен көрінді. Айта кететін жайт, кеше спортшыларымыз күрестің «еркін күрес» түрінен өнер көретті. Алдағы күндері палуандар «әйелдер күресі» мен «грек-рим» күресінен бақтарын сынамақ.

Естеріңізге сала кетейік, чемпионат YouTube хостингінде күн сайын тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен бірге «Qazsport» респуб­ликалық телеарнасы күн сайын әрбір жарыс күні туралы жедел ақпарат беріп отырады. Әр өңірдің үздіктерін жинаған боз кілемдегі жарыс 16 сәуірге дейін жалғасатын болады.

К.АҚТАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: