Бразилияның Порту-Насиунал қаласының маңында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионның футболшылары мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА осы елдің бас телеарнасы — Globo-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Апат орнында түсірілген видеоны Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары жүктеген. Онда ұшақтық екіге бөлініп, кейін өртенгенін көруге болады. Ұшақ бортында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионының 4 футболшысы, сондай-ақ клуб президенті Лукас Мейра және ұшқыш болған. Ұшақ ұшу-қону жолағына жақын маңға әуеге көтеріле бере құлаған. Қайтыс болғандар: қақпашы Рануле (27 жас); қорғаушылар — Лукас Пракседес (28 жас), Гильерме Ноэ (28 лет); жартылай қорғаушы Маркус Молинари (23 жас), клуб президенті Лукас Мейра (32 жас).
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!