«Нұрсәт» теннис орталығында шахматтан «Қызылорда шуағы – 2022» атты балалар арасындағы республикалық турнир ұйымдастырылды. Ақсүйектер ойынынан өткен бүлдіршіндер мен бозбалалар бәсекесіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарынан барлығы 187 жас шахматшы сынға түсті.
Турнирдің қорытындысы бойынша қызылорда облысының спортшылары бес алтын, төрт күміс пен алты қола медаль жеңіп алды. Соның ішінде 6 жастағы ұлдар арасында Айбек Шамшидин І орын, Жансұлтан Абсадық ІІ орын және Бекен Нұрлан ІІІ орын иеленіп, медаль тақты. Осы жаста қыздар арасында Алтынай Үсенқызы бірінші, Ясин Берікбай екінші және Биғаным Есенгельдиева үшінші орын иегері атанды.
8 жастағы ұлдар арасында сынға түскен Ақжол Үсенұлы екінші, Кемел Нұрлан үшінші орынды жеңіп алса, қыздар Аружан Тоқтарбаев І орын және Рабия Жаппар ІІІ орынға тұрақтады. Сонымен қатар 10 жастағы ұлдар арасында Ернұр Ержанұлы бірінші, 12 жастағы қыздар арасында Кәусар Алпысбай үшінші орын иегері атанды.
Ал 14 жастағы қыздар арасында Айнель Жұмаділдәқызы І орын, Инабат Ахметқызы ІІ орын және Қарақат Шамшиддин ІІІ орын иеленді.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!