Жұма, 24 қазан, 13:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Чемпионатқа қатысады

24.10.2025

95 0

2025 жылғы 5-25 қазан аралығында ҚР ТЖМ өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша  Алматы қаласында ерлер мен әйелдер  ұлттық құрама командаларының  оқу-жаттығу жиындары өтуде. Оқу-жаттығу жиынына еліміздің 16 өңірінен жаттықтырушылар, спортшылар, медицина мамандары қатысуда.

          Мақсат – спортшылардың жалпы дене, тактикалық және спорттық-техникалық даярлығын қамтамасыз ету. Бұл жиындар алдағы 26-қазан мен 1қараша  аралығында Сауд Арабиясы корольдігінің Эр-Рияд қаласында өтетін өррт сөндіру-құтқару спорты бойынша ХХ-ерлер арасындағы және ХІ-әйелдер арасындағы  Әлем чемпионатына дайындық үшін ұйымдастырылуда.

          Аталмыш чемпионатқа баратын республикалық құрама команданың сапында Қызылорда өңірінен Әбдібек Еркін, Жадырасынова Әсел бар.

          Азаматтық қорғау кіші сержанты Әсел Жадырасынова Құтқару қызметінің құрдасы, 1995 жылы 30 наурызда дүниеге келген. Ол Қызылорда облысы ТЖД Арал ауданы ТЖБ №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті болып қызмет етуде. Сонымен бірге, Арал ауданы ТЖБ №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау майоры Әбдібек Еркін де аталмыш чемпионатқа қатысуға мүмкіндік алды. Ол өрт құтқару спортынан олимпиада, чемпионат, жарыстардың жүлдегері болып табылады.

          Әріптестерімізге алдағы болатын чемпионаттарда жеңістер мен сәттілік тілейміз.

Қызылорда облысы ТЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: