Жұма, 27 қыркүйек, 03:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76-2086
24.09.2024
PDF мұрағаты

Чемпиондар лигасы: «Барселона» алғашқы ойынын сәтсіз өткізді

20.09.2024

359 0

Фото: ҚазАқпарат

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінде алғашқы туры мәресіне жетті,-деп хабарлайды KAZINFORM

19 қыркүйекте өткен үшінші ойын күнінде Испанияның «Барселона» командасы сырт алаңда Францияның «Монако» клубына 1:2 есебімен есе жіберді.

Кездесу испаниялық клуб үшін сәтсіз басталды. Ойынның небәрі 10-минутында олардың қатарынан Эрик Гарсия қызыл қағаз алып, алаңнан қуылып кетті. Одан кейін өз қақпасына екі гол жіберіп, оған небәрі бір голмен жауап қайырды. 

Бұл турдағы өзге ойындарда өз алаңында Нидерландтың «Фейеноорды» Германияның «Байеріне» 0:4, сербиялық «Црвена Звезда» Португалияның «Бенфикасына» 1:2 есебімен есе жіберді.

Ал «Аталанта» (Италия) мен «Арсенал» (Англия) 0:0 есебіне қанағат білдірсе, испаниялық «Атлетико Мадрид» Германияның «Лейпцигін», франциялық «Брест» Австрияның «Штурмын» 2:1 есебімен жеңді.

Еске салсақ, бұдан бұрын 17 және 18 қыркүйек күндері алғашқы  тур ойындары өткізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: