Сәрсенбі, 25 наурыз, 23:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21 (2232)
22.03.2026
PDF мұрағаты

Дастан Сәтбаев әлемдегі үздік 50 жас футболшының қатарына енді

25.03.2026

50 0

Фото: «Қайрат» ФК

Goal спорт басылымы NXGN 2026 рейтингін жариялап, әлемдік футболдағы ең үздік 50 жас талантты анықтады. Бұл тізімге Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев еніп, 43-орынға тұрақтады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Дастанға лондондық «Челси» үлкен қызығушылық танытып, оны осы жазда «Стэмфорд Бриджге» ауыстыру үшін 4 млн еуроға (шамамен 4,7 млн доллар) келісім жасап қойған.

Чемпиондар лигасы мен ұлттық құрамадағы рекорды

Дастан Сәтпаев халықаралық деңгейде бірнеше маңызды рекордты жаңартты. Былтыр желтоқсан айында еурокубоктардағы алғашқы голын соғып, ол Чемпиондар лигасында гол салған ең жас ойыншылардың тізімінде тек Ансу Фати мен Ламин Ямальға ғана жол берді.

Бұдан бөлек, ол Қазақстан ұлттық құрамасының тарихындағы ең жас дебютант әрі ең жас гол авторы ретінде тіркелді.

Ойын мәнері және болашаққа болжам

Goal басылымының бұл рейтингісінде үздік үштікті Ламин Ямаль («Барселона»), Эстеван («Челси») және Пау Кубарси («Барселона») сияқты әлемдік жұлдыздар бастап тұр.

Дене бітімі мен шабуылды аяқтау шеберлігіне қарап, мамандар Сәтпаевты әйгілі Серхио Агуэромен салыстырады. 2025 жылғы маусымда ол Қазақстан чемпионатында 14 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Ендігі кезекте бүкіл футбол қауымдастығы Дастанның «Челси» иелерінің BlueCo жүйесіне өткеннен кейін жаңа деңгейдегі бәсекелестікке қалай бейімделетінін үлкен қызығушылықпен күтіп отыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: